Халықаралық интеграция

Д. Назарбаева: Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси әріптесі (ФОТО)

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Билахари Каусиканды қабылдады, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан 18 Қараша, 13:46

Д. Назарбаева  Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті.

«Парламенттер, үкіметтер және іскерлік топтар деңгейінде қарым-қатынастар жалғасуда», - деді сенат мүшесі.

Қазақстанға «Астана клубының» отырысына қатысу үшін келген Б. Каусикан Еуразияның дамуының негізгі мәселелерін талқылауға арналған халықаралық сараптамалық алаңның жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейін атап өтті.

Б. Каусикан екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қанағаттанып, Д. Назарбаеваны Сингапурға шақырды. Сенат мүшесі сингапурлық компаниялардың Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынына сенім білдірді. 





Яндекс.Метрика