Басқару

Д. Абаев: Өңірлік БАҚ Қазақстанды жаңғыртуға едәуір үлес қосуға қабілетті (ФОТО)

Өңірлік баспасөз қызметі «100 нақты қадам» ұл жоспары тұрғысында Қазақстанды жаңғыртуға едәуір үлес қосуға қабілетті маңызды және күшті қатысушы болып табылады, деді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумында.
Нұр-Сұлтан 18 Қараша, 11:43

«Біз бүгін медиа-саланы одан әрі дамыту жолдарын талқылау үшін жиналдық. Ол жергілікті БАҚ өкілдері үшін проблемаларымен және мәселелерімен бөлісу, тәжірибе алмасу және білім алу үшін тиімді алаң болатынына сенімдімін. Біздің министрлік Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша өңірлік баспасөз қызметін жаңа сапалы деңгейде дамыту бойынша жұмыс жасауға ниетті», - деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы осы бағыттың даму маңыздылығын атап өтіп, оны өңірлердегі, аудандардағы және ауылдардағы елеулі проблемалар туралы сапалы ақпаратқа сұраныстың өсуімен түсіндірді.

«Өңірлік баспасөз қызметі – «100 нақты қадам» ұл жоспары тұрғысында Қазақстанды жаңғыртуға едәуір үлес қосуға қабілетті маңызды және күшті қатысушы болып табылады. Бүгінгі күні тұтынушы маңызды оқиғалардың жедел, шынайы әрі жан-жақты жариялануына қызығушылық білдіреді», - деді ведомство басшысы.

Қазақстанда тіркелген барлық БАҚ-тың 80%-ға жуығы өңірлерде жұмыс істейтінін атап өту қажет.

Индира Қауметова

Сурет Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика