Басқару

Ж.Қасымбек: Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 9 ай ішінде 58,3% құрады

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 58,3% құрады, деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Ұлы дала елі» отандық өндірушілердің II форумында.
Нұр-Сұлтан 18 Қараша, 11:32

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ деректері бойынша сатып алудағы жергілікті қамту үлесі ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 58,3% құрады. Осы ретте тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 трлн  596 млрд теңгеге артты. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазақстандық қамтудың аралық көрсеткіші 7,7% төмендеген. Осы кезеңде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту пайызының төмендеуінің негізгі себептері теңге бағамының өзгеруі, импорттық шикізат сатып алудың ұлғаюы болып табылады», - деді Ж. Қасымбек.

Министр Үкімет индустрияландырудың жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қолдау көрсетуді қоса алғанда, отандық өндірушіні тұрақты қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын қосты.  

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика