Евразиялық одақ

ЕЭК және Дүниежүзілік банк бірлесіп ЕАЭО сандық кеңістігін қалыптастырады

Еуразиялық экономикалық комиссия және Дүниежүзілік банк ЕАЭО елдерінде сандық кеңістікті қалыптастырудан экономикалық әсер алу мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүргізу туралы шартқа қол қойды.
Әлемде18 Қараша , 12:57

Жоба еуразиялық экономикалық одақтың сандық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында ЕЭК-тің ЕАЭО елдерімен бірлескен жұмысын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда. Жұмыс тобы ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы шешімімен құрылған, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі

Бірлескен талдамалық жұмысты іске асырудың негізгі нәтижелерінің бірі – ЕАЭО сандық кеңістігін қалыптастырудан экономикаға ықтимал әсерді бағалау. Нәтижелері 2017 жылдың басында Одақ органдарының қарауына ұсынылатын болады.

«Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық жасау сандық даму деңгейін объективті әрі тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерлерді болжау үшін маңызды», - деп атап өтті ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян.

Бірлескен талдамалық жұмыс екі кезеңнен тұрады, олардың соңғысы 2017 жылғы сәуірде аяқталады.




Яндекс.Метрика