ҚР ИИДМБ

700 ақмолалық жаңа цемент зауытында жұмысқа орналастырылады

700-ге жуық ақмолалық жаңа цемент зауытында жұмысқа орналастырылады, деп хабарлады Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.
Ақмола18 Қараша , 11:13

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында Еңбекшілдер ауданында жылына 2 млн тонна цементке арналған жаңа зауыт құрылысы аяқталу кезеңінде.

Хабарламада атап өтілгендей, осы кәсіпорынның ашылуы ауданның индустриялық-экономикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік дамуына да көмектеседі. Жаңа зауытта 700-ге дейін адам жұмысқа орналастырылады. Жоба құны 63 млрд теңгеден артық.

Одан басқа, аудан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Өңірлік үйлестіру кеңесі 11 жобаны мақұлдаған. 




Яндекс.Метрика