Халықаралық интеграция

Қазақстан елшісі Гватемаланың Инвестициялық саммитіне қатысты (ФОТО)

ҚР-ның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов «Гватемаланың 2016 жылғы Инвестициялық саммиті» жұмысына қатысты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы.
Әлемде 18 Қараша, 09:54

Саммитті ел Президенті Джимми Моралес ашты. Саммиттің екі күндік бағдарламасы аясында елмен және оның соңғы жетістіктерімен таныстыру ұйымдастырылды, сондай-ақ «Экономикалық өсу – барлығының ортақ мақсаты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: экономикалық өсудің кілті» және т.б. тақырыптарға пленарлық сессиялар өткізілді. Іс-шараға Латын Америкасы, Солтүстік Америка, Еуропа және Азия өңірлерінен 45-ке жуық ел қатысты.  

Сондай-ақ, А. Елемесов Гватемаланың Президентімен, сыртқы істер және экономика министрліктерінің басшыларымен және Гватемала астанасының мэрімен кездеу өткізді.

Гватемала тарапынан Қазақстанның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан беделі мен халықаралық белсенділігі атап өтілді. Гватемала Үкіметі Қазақстан Үкіметіне 2012 жылы болған қатты жер сілкінісі салдарын жоюға 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі гуманитарлық көмегі үшін жеке алғыс білдірді. 

Гватемала басшылығы Астанада өтетін ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растады. Жалпы, Гватемала Қазақстанмен саяси, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық-экономикалық бағыттарда жан-жақты терең ынтымақтастық жасауға мүдделі.





Яндекс.Метрика