Халықаралық интеграция

ТМД елдері қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Владимир Жұмақанов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының Мәскеуде өткен IV-ші кездесуіне қатысты.
Әлемде18 Қараша , 09:18

Іс-шара барысында делегациялардың басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қазіргі сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері тұрғысында өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, діни экстремизмге бірлескен іс-қимыл жасау, заңсыз көші-қонға қарсы күрес және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Ақпарат бойынша, Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздік кеңестері аппараттары деңгейінде дәстүрлі екңжақты консультациялар аясында В. Жұмақанов ресейлік әріптесі Н. Патрушевпен келіссөздер өткізді.

Әскери-техникалық саланы қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастың кең бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Қазақстан мен Ресейдің Каспий өңіріндегі өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, екі мемлекеттің қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. 




Яндекс.Метрика