Басқару

ҚР Президенті мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы жарлыққа өзгерістер енгізді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан17 Қараша , 18:56

Мемлекет басшысы қаулы етті:

1. «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы»;

1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика