Парламент

Е.Сағадиев: 2017 жылдан бастап Қазақстанның мектеп оқушылары көлік жүргізуге оқытылады

2017 жылдан бастап Қазақстанның мектеп оқушылары көлік жүргізуге оқытылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 12 жылдық білім беру моделін енгізу мәселелері және оларды заңнамалық қамтамасыз ету шаралары бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан 17 Қараша, 17:42

«Біз көлік ісін алғашқы әскери дайындыққа енгізуді шештік. Бұл жолдардағы көлік апаттарын қысқартады, бұл мәселені ҚР Қорғаныс министрлігімен пысықтадық»,- деді Е. Сағадиев.

Министрдің айтуы бойынша, ведомство оқытушыларды даярлауға міндеттенеді.

«Қорғаныс министрлігі қолдады, ал біз оқытушыларды даярлау міндетін алдық», - деді Е. Сағадиев.

Осылайша, ведомство басшысы ұсынғандай, алғашқы әскери дайындықты аптасына бір сағат емес, бір күн өткізуге болады.

Ботагөз Айтжанова

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика