Парламент

Сенат 2017 жылға арналған бюджет жобасына 26,1 млрд теңгеге өзгеріс енгізді (ФОТО)

Нұр-Сұлтан 17 Қараша, 18:37

Палата «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын толық қарады. Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді ескермегенде) 2017 жылы - 4 338,2 млрд теңгені, 2018 жылы – 4 562,3 млрд теңгені, 2019 жылы 4 877,2 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық қордың үш жылға арналған кепілдендірілген трансферті жыл сайын 2 880,0 млрд теңге немесе 8 млрд АҚШ доллары көлемінде белгіленген.

Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2017 жылы - 8,56 трлн теңге, 2018 жылы – 8,37 трлн теңге, 2019 жылы 8,75 трлн теңге сомасында жоспарланған.

«Бюджет тапшылығының көлемі 2017 жылы - 578,1 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,2 %-ын, 2018 жылы –  539,6 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 1 %-ын, 2019 жылы 577,1 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 1 %-ын құрайды», - делінген хабарламада.

Талқылау барысында сенат мүшелері заң жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында сумен жабдықтау және су тарту салаларындағы; Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік саласындағы, соның ішінде автомобиль жолдарын қайта жаңарту; Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді газдандыру салаларындағы жобалар бойынша оң шешімдер қабылданды.

Еліміздің ішкі қауіпсіздігін күшейту мақсатында Ұлттық ұланды техникалық жарақтандыруға қосымша қаражат бөлу ұсынылды.

Заң жобасы Сенат түзетулерімен Мәжіліске жіберілді. 





Яндекс.Метрика