Инвестициялар

Ақтөбе облысының ауылдарындағы ШОБ жобалары 2 млрд теңгеге қаржыландырылды

Ақтөбе облысында «Ауылдық бизнесті несиелендіру» пилоттық жобасы аясында 900-ге жуық жоба 2 млрд теңгеге қаржыландырылған.
Ақтөбе17 Қараша , 19:34

Ағымдағы жылғы қыркүйек айындағы деректер бойынша, Ақтөбе облысында тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 60,1 мың бірлікті құрады, соның ішінде қолданыстағы ШОБ субъектілері - 50,8 мың бірлік, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Ауылды жерлердегі кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылы «ЖЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе облысы «Ауылдық бизнесті несиелендіру» пилоттық жобасын іске асыру бойынша 5 облыстың қатарына енді.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру да жалғасуда. Жыл басынан бері бағдарлама аясында 4336 жұмыс орны сақталып, 787 жаңа жұмыс орны ашылған, қаланың 89 жобасы 9,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік қолдау алды.

Жалпы, ШОБ саласында бүгінгі күні өңірде 128 мыңға жуық адам жұмыс істейді, 2016 жылғы ІІ тоқсан қорытындылары бойынша өндірілген өнім, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көлемі 12,9%-ға өсіп, 251,4 млрд теңгені құраған. 




Яндекс.Метрика