Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ғ.Мырзаке: Қазақстанның сот жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

Қазақстанның үш деңгейлі сот жүйелі барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, деді Жоғарғы сот судьясы Ғалымжан Мырзаке Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне және Ұлт жоспарын іске асыру аясында сот жүйесін дамытуға арналған ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында.
Нұр-Сұлтан17 Қараша , 19:16

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков сөз сөйлеу барысында съезге дайындық туралы айтып берді. «Алдағы форум 1996 жылдан бері әр төрт жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Барлық съездерге Мемлекет басшысы қатысты. Форумдарда сот жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, жүргізілген жұмыс қорытындылары жасалады, болашаққа міндеттер қойылады», - деп атап өтті ол.

VII съезде Ұлт жоспарын орындау бойынша сот жүйесі жұмысының қорытындыларын жасау жоспарлануда. Судьялар этикасының жаңа жобасын қабылдау болжануда.

Ғ. Мырзаке «100 нақты қадам» ұлт жоспарының сот жүйесін реформалау бөлігінде іске асырылуы туралы айтып берді.

Оның айтуы бойынша, судья болуға үміткерлерге қойылатын талаптар қатаңдатылған және оларды іріктеу жүйесі күшейтілген. Жоғарғы сот кеңесі дербес мекемеге айналды және судьяларды іріктеу және тағайындау бойынша жүйелі жұмыс құрды.

Осы саладағы жұмыс 2016 жылғы қаңтарда Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгеннен бері едәуір жақсарған.

Еске сала кетейік, республика судьяларының VII съезі 21 қарашада Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен өтеді. Форум жұмысына 700-ге жуық делегат пен съезд қонақтары қатысады. 




Яндекс.Метрика