Инвестициялар

ЕҚДБ Жітіқара қаласын жылумен және сумен жабдықтауды жаңартуға 2 млрд теңге бөледі

ЕҚДБ Жітіқара қаласының сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңартуға 2 млрд теңге бөледі, деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.
Қостанай17 Қараша , 17:59

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері Асқар Намазбаев және жетекші банк қызметкерлері Бахтиер Файзиев пен Анна Балабаева облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бойынша жемісті ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта 10 млрд теңге сомасына Қостанай қаласының жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңарту жөніндегі жобалар іске асырылуда.

Жобаларды қаржыландырудың болжанған көлемі жуық шамамен 3,5 млрд теңгені құрайды, соның ішінде ЕҚДБ кредиттік қаражаты - 2 млрд теңгеге, ҚР Үкіметі тарапынан гранттық қаржыландыру - 1 млрд теңгеге жуық.

Жоба жетекшісі Анна Балабаева атап өткендей, ЕҚДБ тарапынан техникалық жәрдемдесу гранттарынан да өтеусіз негізде қаражат бөлінетін болады.




Яндекс.Метрика