Халықаралық интеграция

Астанада ҰҚШҰ шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің (ЗҚКҚКҮК) отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан 17 Қараша, 17:36

Отырысқа Арменияның, Беларусьтің, Қырғызстанның, Ресейдің құзыретті  органдарының өкілдері, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас Хатшысының орынбасары В.А. Семериков және  Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Т.М. Сүлейменов қатысты. 

Отырыста ҰҚШҰ форматында «Заңсыз келуші-2016»  шартты атауымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операцияларды өткізу  қорытындылары қарастырылды. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің көші-қон қызметтері мен шекара қызметтерінің  ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларға сол елдерге кіруге тыйым салынған  заңсыз көшіп-қонушылар мен адамдар және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағына тыс жерге шығарылып жіберілген және депортацияланған адамдар туралы ақпаратпен алмасу тетігін құру бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруда өзара іс-қимыл жасасуын  ұйымдастыру  мәселелері  талқыланды.

Сондай-ақ ҰҚШҰ Хатшылығының ақпараты бойынша тұрақсыз аймақтардан босқындардың ықтимал ағынымен байланысты жағдайды мониторингтеу нәтижелері қаралды, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің пана іздеген адамдар мен басқа елдерден   босқындардың жаппай келуімен байланысты ықтимал төтенше  жағдайларға ден қою мәселелері қаралды.

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрінің орынбасары  Ерлан Тургумбаев өзінің бастапқы сөзінде Қазақстанның заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылда басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасасуға, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін және 2017 Қысқы Универсиаданы өткізу қарсаңында еліміздің турситік және инвестициялық қызығушылығын жақсарту үшін маңызды болып табылатын экономикасы дамыған  және саяси тұрғыдан тұрақты елдердің азаматтары  үшін кіру жағдайларын жеңілдетуге  ерекше назар аударатынын атап өтті.

Осы  бағытта 19 елмен кірудің  және болудың визасыз режимі туралы келісімдер жасалды. Одан басқа, алдынғы жылдың қаңтар айынан бастап тағы да 45 елге визасыз кіру ұсынылатын болады. Олардың ішіне Еуропа Одағының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық мемлекеттері кіреді.





Яндекс.Метрика