Қазақстанның Тәуелсіздігі

Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)

«Рудольфинум» прагалық филармонияның белгілі концерт залында Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның басшылығымен Еуразиялық симфониялық оркестердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты гала-концерті өтті.
Әлемде 17 Қараша, 16:41

Елші Сержан Әбдікәрімов салтанатты кешті аша отырып, Қазақстан мен Чехияның жылы әрі достық қарым-қатынастары туралы айтып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Концерт бағдарламасында «Шабыт» ансамблінің, «Қорқыт-Ата» аспаптық ансамблінің, «Айгөлек» скрипкашы балалар ансамблінің орындауындағы қазақ туындылары ұсынылды. Музыкалық кеште белгілі чехиялық баритон, Еуропалық өнер одағының жоғары наградасының иегері Филип Банджактың операцилық ариялары тыңдалды. 

Бағдарламаның шарықтау шегінде атақты скрипкашы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева сахнаға шығып, өзінің асқан шеберлігімен және өнерімен чехиялық фольклорлық және классикалық өнерді бағалаушылардың жүректерінен орын алды.  

Концертке Чехия үкіметінің, парламентінің, дипломатиялық миссиялардың, іскерлік және мәдени топтардың, БАҚ өкілдері қатысып, қазақстандық орындаушылардың кәсіптік шеберлігін жоғары бағалады.

Анықтама үшін: Прагалық филармония Еуропаның беделді өнер орталығы болып табылады. Ол 1855 жылы салынған. Әр жылдарда осы залда өнер әлемінің ұлы әлемдік және еуропалық шеберлері өнер көрсеткен. 





Яндекс.Метрика