Білім беру

2017 жылы Астанада техникалық мамандықтарға 4025 грант бөлінеді

Астана қаласында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім гранты 10 пайызға артты, бұл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4025 орын бөлуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан17 Қараша , 16:19

Астаналық әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, өнеркәсіп, байланыс және коммуникациялар, сервис және қызмет көрсету, медицина және білім салаларында кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты келесі жылдан бастап колледждерде алты жаңа мамандық ашылады.

Бұл мамандықтарға «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша мехатроник», «Көпірлер және көлік тоннельдері», «Электр станцияларының және желілердің құрал-жабдықтары», «Өнеркәсіптегі электр-механикалық құрал-жабдықтар», «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Кітапхана ісі» жатады.

Осының алдындағы жылмен салыстырғанда сұранысқа ие техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім гранты 10 пайызға артты. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4025 орын бөлінді. Салыстыру үшін: 2015 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 3636 студент білім алған.

Сондай-ақ, елордада қазір жұмыс істеп тұрған төрт ресурстық орталыққа тағы жаңа үш ресурстық орталық қосылады: 1) «Ингри Қазақстан» ЖШС-імен бірлесіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, коттедждік және аз қабатты құрылыс салаларында мамандар дайындау бойынша; 2) «Техно Николь» - құрылыс инновациялары» ЖШС бірлесіп өнеркәсіптік едендердің құрылыс технологиясы, бетон жөндеу және құрал-жабдықтардың гидрооқшаулау бойынша; 3) «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ымен бірлесіп токарьлық іс және металл өңдеу бойынша. Бұдан өзге, «Софи-Дент» стоматологиялық емханасымен бірлесіп медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығы ашылады.

Педагогтердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Еуразиялық гуманитарлық институттың (ЕАГИ) негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы бойынша сырттай оқу факультетінде бір топ (25 адам) ашылды.

ЭКСПО-2017 көрмесі үшін кадрларды дайындау мақсатында сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде.




Яндекс.Метрика