Басқару

Алматы әкімі Н.Назарбаевқа 2017 жылғы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан17 Қараша , 13:14

Кездесуде Б.Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады.

Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Б.Байбек Қазақстан Президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.

Бұдан бөлек, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35%-ға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.




Яндекс.Метрика