Өңірлер

Түркістанда 120 аз қамтамасыз етілген отбасы жаңа тұрғын үйлерден пәтер алады

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 120 пәтерге арналған 5 қабатты екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Южно-Казахстанская область17 Қараша , 14:56

Одан басқа, қалада әрқайсысы 60 пәтерден тұратын 8 тұрғын үйдің құрылысы, сондай-ақ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағдарламасы бойынша 144 пәтерге арналған 2 тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр, деп хабарлады өңір әкімдігі.

«Қалада тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 3 мыңнан астам адамды құрайды», - делінген хабарламада.

Үйлер салынып жатқан аумақты «Отырар» шағын ауданы деп атау және болашақта тағы 100 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика