Білім беру

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 1200-ден астам жүлде иеленді

2016 жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 1236 жүлде иеленді, деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Ақашқызы Қирабаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Казахстан17 Қараша , 14:37

Оның ішінде алтын медальдар – 195, күміс – 367, қола – 648, Құрмет грамоталары – 26.

Ш. Қирабаеваның айтуы бойынша осы жылдар аралығында Орталықпен 25 жоба табысты жүзеге асырылды. Олар «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстар, Азиялық-Тынық мұхиттық математикалық олимпиадасы, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы, математика, физика, информатика пәндерінен Халықаралық олимпиадалар, химия пәнінен 46-Халықаралық Менделеев олимпиадасы және басқалар.

«2016 жылы 23 – 26 қараша аралығында Теміртау қаласында 11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия және биологиядан ІХ Президенттік олимпиадасы;  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп 6-10 желтоқсан аралығында орындаушылардың  ХII  Халықаралық  «Астана-Мерей» конкурсы;  Дүниежүзлік EXPO-17 көрмесін өткізетін жылы Астана қаласында химиядан 51-Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді», - деп атап өтті ол.

Еске салайық, 1996-жылы «Дарын» орталығы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Президент Жарлығымен ашылды.




Яндекс.Метрика