Инвестициялар

Қызылорда облысында «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті

Қызылорда және Байқоңыр қалаларында кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті.
Қызылорда17 Қараша , 17:18

Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, форумның негізгі мақсаты – өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын әртараптандыруда және жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызу болып табылады.

Инвестициялық форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, сондай-ақ, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, Форумға Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы қатысты.




Яндекс.Метрика