Өңірлер

Ақмола облысында терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Степногорск қаласының әкімдігінде қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыс жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Ғалия Көпеева, қаланың құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары қатысты, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
Ақмола17 Қараша , 12:46

Қала әкімінің орынбасары Гүлнәз Абилова ТҚК мүшелеріне мемлекеттік органдардың осы комиссияның ақпараттық қажеттіліктері тізбесін жарықтандыру бойынша жұмыс жағдайы туралы ақпарат берді.

Терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу іс-шаралары жоспарының, сондай-ақ насихаттау және алдын алу жұмыстарын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынбасар Бейсенбина хабарлады.

Жиналысты қорытындылай келе, қала басшысы басшыларға азаматтардың барлық санаттары, әсіресе жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттілігіне баса назар аударуды тапсырды.

«Біз азаматтарымыздың барлық проблемалары мен мүдделерін біліп жүруіміз және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеуіміз қажет», - деп атап өтті А. Күмпекеев.




Яндекс.Метрика