Парламент

Мәжілісте жарнама туралы заң жобасының тұсауы кесілді

ҚР Парламентінің Мәжілісінде жарнама туралы заң жобасының тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан17 Қараша , 12:18

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұсаукесері болды. Ол жарнама қызметіндегі мемлекеттік реттеуді жүйелендіру және жарнама саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының 5 кодексіне және 9 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Ұлттық Экономика вице-министрі Айдар Арифханов депутаттарға баяндама жасады.

«Қазақстанда жарнама саласындағы 1654-ке жуық кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде: 1062 – жарнама таратушы және 592 – жарнама өндіруші. Заң жобасын әзірлеу кезінде көптеген шет елдердің тәжірибесі зерттелді», - деп хабарлады ол.

Вице-министрдің айтуы бойынша, заң жобасында елде жарнама қызметін жүзеге асыру үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар көзделеді:

1. Дағдарысқа қарсы жоспарды орындау үшін заң жобасында долларлану деңгейін қысқарту мақсатында өнім құнын теңгемен көрсету туралы талап енгізіледі.

2. Жарнама саласындағы тыйым салуларды бұзған үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында, оларды бұзған үшін жауапкершілік енгізіледі.

3. Қоғамдық адамгершілік құқықтарды, сондай-ақ еліміздің имидждік саясатын ілгерілету үшін, теле-, радиоарналар үшін міндетті, әлеуметтік жарнаманы тегін негізде тарату міндеті енгізіледі (тәулігіне 14,4 минут).

4. Жарнама туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында, заң жобасында жарнама саласындағы негізгі түсініктер қайта қаралған, рұқсат беру құжаттарының түрлері оңтайландырылған. 

 

 




Яндекс.Метрика