ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

ШҚО-да «Ақ тілекпен, Елбасыға!» атты акция басталды

Тұңғыш Президент күніне орай, Шығыс Қазақстанда «Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» атты ауқымды акция басталды, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан17 Қараша , 11:59

Акция аясында еліміздің әрбір азаматы www.kz1.kz сайтында Ұлт көшбасшысына өз құттықтау сөздерін қалдыра алады. 

«Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» акциясы дәстүрлі шараға айналды. Өткен жылы құттықтаушылардың ауқымы республика бойынша кеңейіп, жақын және алыс шет елдерді қамтыды», - делінген хабарламада.

Кезекті акция бүгін Өскемен қаласында басталды. Облыстық орталық тұрғындары Елбасына өздерінің жылы лебіздерін, алғыс сөздерін қалдыра бастады. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевты құттықтағысы келетін әрбір азамат қосыла алады.

Еске сала кетейік, өткен жылы сайтта өз құттықтау сөздерін 850 мыңнан астам адам қалдырған болатын. 




Яндекс.Метрика