Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық рельстер әлемдік өндірушілердің стандарттарына сәйкес келеді – ҚТЖ

Ақтөбе рельс арқауы зауыты «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптары бойынша сәйкестік сертификатын алды.
Әлемде17 Қараша , 11:17

Сертификат алу рельстік өнімді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Мәскеудегі Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты («БҒЗИ» АҚ) ұйымдастырған рельс өнімдерін сынаудың бірыңғай талаптарын жасау мәселесіне арналған конференцияда осы жай айтылды. 

«Ақтөбе рельс арқауы зауытының ДТ350 категориясындағы рельстерін сынақтан өткізу нәтижесінде оның механикалық қалыбы, төзімділігі, жарықшаққа шыдамдылығы секілді техникалық мінездемелері сапасы бойынша әлемдік өнім өндірушілермен сәйкес келеді. Кей жағдайларда олардан да сапалы тұстары бар», деп атап өтті «БҒЗИ» АҚ зертханасының меңгерушісі А. Борц.

Рельс өнімдерінің қаншалықты ұзақ сақталатындығын анықтау үшін 750 миллион тонна бруттодан да жоғары салмақтарға сынақтар жалғасатын болады. Соған байланысты Конференция қорытындысы бойынша Ақтөбе рельс арқауы зауыты мен Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми- зерттеу институты арасында өнімдерді сынақтан өткізу туралы келісім жасалды.

«Қазақстандық өнім өндірушілер мен ресейлік сынақ зерттеу институты орталығының арасындағы белсенді серіктестік жоғары қауіпсіздік талаптарын сақтау мен темір жол өнімдерін ЕЭО мен «1520 мм кеңістігіндегі» сапалық деңгейді тұрақтандыруға қызмет етеді», - деді бас инженер Б. Орынбасаров.

Конференция қатысушылары бұдан басқа темір жол рельстерінің мемлекетаралық стандарттары жобасын жасау тұрғысындағы мәселені талқылады. Аталмыш құжат 2017 жылы бекітілетін болады.




Яндекс.Метрика