Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құрмақ (ФОТО)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация «Ляньюньган қаласындағы (ҚХР) «Жаңа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» атты халықаралық форумына қатысты.
Әлемде 17 Қараша, 10:32

Форум барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы сөз сөйледі.

Ляньюньганды «Жаңа Еуразиялық құрлық көпірінің шығыс қақпасы, Жібек жолының құрлық пен теңіздегі түйісетін тұсы» деп атаған ол «Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының зор маңызы барлығына тоқталды.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша,порттың қолайлы географиялық орналасуы, Қытайдың қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз коммуникациялық сабақтастығы Қазақстанмен ықпалдасуына және өңірдегі елдердің халықаралық логистикалық тізбекке қосылуына ықпал етеді.

Жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекетаралық «Бір белдеу- бір жол» және «Нұрлы жол» экономикалық Жібек жолы стратегиялық серіктестік белдеуін жүзеге асыруға ынталандыру нәтижесінде Қытай-Еуропа бағдарында 2020 жылдары контейнер санын екі миллионға жеткізуге болады.

Қ. Алпысбаев  көліктік-логистикалық даму туралы және Қазақстанның транзиттік әлеуеті мәселесіне тоқталды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан ел ішінде және шетелдегі маңызды орындарда логистикалық желілік орталықтарын құрып, Еуропалық құрлыққа бағытталған жүктерді шоғырландыру мен дистрибуциялық өңдеуді жүзеге асыратын терминальдық желіні жасақтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыра бастады.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағы арқылы құрлықтық сауда контейнерлік пойыздар ҚТЖ серіктестерімен бірге ҚХР-дың Чунцин, Чженчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хэфей, Ланьчжоу провинцияларымен қатар ғаламдық HP, DHL, Foxconn компаниялары арқылы тиімді жасақталуда.

«Біздің мақсатымыз еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құру. Ол арқылы Азиядан шыққан жүк Еуропаға үш бағдармен: Қытай- Еуропа-Қытай, Қытай-Кавказ- Түркия, Қазақтан- Түркменстан- Иран бағдарымен жеткізіледі»,-деді Қ. Алпысбаев.

«Қазақстан – Еуропа мен Қытайды жалғайтын Жібек жолы бойындағы бірден- бір экономикалық белдеу болып табылады»,-дей келіп, Қазақстанның Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпірді құруға мол үлес қосып отырғындығына тоқталды.

Бұл күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сиелонмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты қарым - қатынас мәселелері мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА секілді бірлескен жобаларды дамыту жайы талқыланды. Өткен жылы Мемлекет басшысының ҚХР-на сапары барысында қытай тарапының АЭА-ты дамытуға серіктес ретінде 600 миллион доллар инвестиция бөлу туралы Келісімге қол қойған болатын.

Қ. Алпысбаевтың пікірінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында тұрақты инвесторлар мен әлеуетті қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған.

Кездесу барысында Ляньюньган – «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты бағдарында жүк тасымалын арттыру мәселесі мен «Ляньюньган портында    ШЫҰ логистикалық аймағын құру жайы қаралды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портын бірлесіп пайдалануды жүзеге асыру жайы Ляньюньган қалалық компартия хатшысы Ян Синшимен болған кездесуде де талқыланды.

Тараптар клиенттерге барынша қолайлы жағдайлар жасап, бәсекелестікті арттыра отырып, ықпалдастықты дамытуға бейілді екендіктерін жеткізді. 





Яндекс.Метрика