Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері дәрілік заттардың жалпы нарығын іске қосу жөніндегі келісімге қол қойды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында дәрілік заттардың жалпы нарығын іске қосу және оның толық жұмыс істеуі үшін қажетті бірыңғай құжаттар жиынтығына қол қойды, деп хабарлады ЕЭК.
Әлемде17 Қараша , 10:14

Үкіметаралық кеңес отырысында төрағалық етуші Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Одақта дәрілердің жалпы нарығын іске қосу маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін дәрілік заттардың жалпы нарығы бойынша соңғы шешім қабылданды. Вице-премьерлер деңгейінде ЕЭК Кеңесінің мүшелері премьер-министрлердің қатысуымен құжаттар жиынтығына қол қойды. Осылайша, жұмыс жоғары деңгейде аяқталды», – деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Дәрілік заттардың жалпы нарығын қалыптастыру ЕАЭО басымдықтарының бірі болып табылады.

«Дәрілік заттардың жалпы нарығының іске қосылуы экономиканың басқа салаларындағы кедергілер мен шектеулерді жылдам қарқынмен алуға ықпал етеді. Барлық қатысушыларды келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтаймын», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян.

Еуразиялық экономикалық комиссия атап өткендей, дәрілердің жалпы нарығын іске қосудан Одақ елдерінің азаматтары да, бизнес қоғамдастықтар да пайда табады. Одақ ішінде артық сауда кедергілері жойылады, өндірушілердің шығындары төмендейді, бәсекелестік өседі, бұл дәрілік препараттардың бағаларын сақтап тұруға алғышарттар жасайды.




Яндекс.Метрика