Евразиялық одақ

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Кедендік кодекс жобасын мақұлдады

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысқан Мәскеудегі Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысының барысында Кедендік кодекс жобасын мақұлдады.
Әлемде17 Қараша , 08:52

Рrimeminister.kz  хабарлағандай, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары отырысының қорытындысы бойынша ЕАЭО-тың Кедендік кодекс жобасы мақұлданды. 

Жаңа құжат мақұлданып, ЕАЭО елдеріне мемлекетішілік келісім рәсімдерін жүргізуге бағытталды. 

Ол кедендік басқарудың барлық заманауи үрдістерінен тұрады және кедендік рәсімдерді автоматтандыруға, жеңілдетуге, сонымен қатар, бизнес ортаны жетілдіруге бағытталған. 

Кодекс жобасы биылғы жылдың желтоқсан айында өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесте мемлекеттердің басшыларына қол қоюға жіберілетін болады. 

Сонымен қатар, қатысушы елдер ЕАЭО аумағында дәрі-дәрмек айналымы саласын реттейтін құжаттарға қол қойды. 




Яндекс.Метрика