Өңірлер

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Ақтөбе облысына келді

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Ақтөбе облысының Хромтау ауданына келді, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.
Ақтөбе 16 Қараша, 18:31

Пойыз делегаттары әр түрлі салалардың мамандары: ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет және спорт қызметкерлері, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер болып табылатынын еске сала кетейік.

Олардың барлығы өңірге медициналық және консультациялық көмек көрсету үшін келді. Ақтөбеліктердің білім беру, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б. салалардағы қызығушылық тудырған мәселелер бойынша кәсіптік түсіндіру алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қайырымдылық акциялары, мерекелік концерттер өткізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Хромтау станциясынан кейін 20 қарашада Ақтөбе қаласына келеді, ал 27 қарашада Шалқар станциясында тоқтайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған көп функционалды құрам еліміздің барлық өңірлерінде барлығы 35 елді мекенде болып,  өз жұмысын 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқтайды.





Яндекс.Метрика