ҚР ИИДМБ

ШҚО-да ИИДМБ аясында 11 жоба жүзеге асырылды

24 қазанда үдемелі индустриалды дамуы бойынша өткізілген Үйлестіру кеңесінің отырысында Шығыс Қазақстан облысында 11 жоба бекітілген, деп хабарлады «Даму» қоры.
Шығыс Қазақстан16 Қараша , 18:13

Оның алтауы Өскемен қаласында, екеуі Семей қаласы бойынша, екеуі Үржар ауданында, біреу Бородулиха ауданында. Осы жолғы бекітілген жобалардың көпшілігі айналым капиталын толықтырға бағытталған. Атап айтқанда «Ас Орда» ЖШС, «Eco- Аgro» ЖШС, «Штиф» ЖШС және «Устун» ЖШС жобалары.

Бекітілген «Арай» ШҚ және ЖК Серіков Қуанышбек Серікұлы мал шаруашылығы бойынша 2 жоба, «ПродБаза Иртыш» ЖШС, ЖК Мунисов О.Д., және «Автолайн» ЖШС 3 жоба қойма және көлік саласында жүзеге асырылуда.

ЖК Акпеков М.М. «Қабырғалық блоктар өндіру цехын кеңейту» жобасына ерекше қызығушылық танытылуда. 1999 жылдан бастап ЖК Акпеков М.М. Үржар ауылында нан-тоқаш пісірумен айналысқан. Өзінің өнімдерін сататын бірнеше дүкен ашқан. Ал 2016 жылы өзінің бизнесінде жаңа бағыт - сплитерлі блоктарды өндіруді жолға қойды. Құрылыс материалдарын ауылға жақын орналасқан қалалардан әкелу біршама шығын шығарады. Мысалы Семей қаласымен ара қашықтық 7 сағатты құрайды. Сондықтан кәсіпкер өнімді жергілікті жерде өндіруді шешкен.

«Азимут» ЖШС «Балабақшаның жөндеу жұмыстары және жабдықтарды алу» жобасын ұсынған. Ол Семей қаласы 35 шағын аудандағы Манту екпесіне оң нәтиже көрсеткен балаларға арналған жалғыз арнайы балабақша. Көптеген ата-аналарға 3-жасқа толмаған дені сау балаларын мектепке дейінгі даярлық сыныптарына беруге тура келген. «Азимут» ЖШС–ның 250 орындық «Балдырған» балабақшасын ашуы бұл мәселені оң шешті. Сонымен қатар балдырған және балабақша топтарымен қоса, бұл жерде ұзартылған күн сағаттары ашылады. Балабақшаның ресми ашылуы келесі жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Пайыздық мөлшерлеменің сыйақы субсидиясы» аясындағы салымшылардың соңындағы жылдық мөлшерлемесі 4-тен – 11,8-ге дейінгі пайызды құрайды. Көптеген жобалар «Сбербанк» ЕБ АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қолдау тапты. Бекітілген жобалардың жалпы құны 747,8 миллион теңгені құрайды.




Яндекс.Метрика