Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 427 жаңа мекеме салынды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 427 жаңа мекеме салынды, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан16 Қараша , 19:13

2016 жылғы қаңтар-қазанда 427 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 374 тұрғын және 53 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Негізгі құрал-жабдық 96,7 млрд теңге сомасына іске қосылды, одан 50,6% - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 18% - көлік және қоймалауға, 14% - өнеркәсіпке, 5,9% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 4,8% - білім беруге, 2,6% - көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге келеді.

2016 жылғы қазанда жаңа құрылыс есебінен ірі қара мал ұстауға арналған қора, мейрамхана және сауда үйі пайдалануға берілді. 

Облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен жалпы ауданы 84482 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазанға 115,5%-ды құрайды. Тұрғын үй жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа құны 66,4 мың теңгені құрады (2015 жылғы қаңтар-қазанда – 52,4 мың теңге).

2016 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 154,8 млрд теңгені құрады. Дара кәсіпкерлер үлесіне бөлшек сауда көлемінің 68,5% келеді. Көтерме сауда көлемі 211,2 млрд теңгені құрады.




Яндекс.Метрика