Өңірлер

СҚО-ның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 127,4 млрд теңгені құрады

2016 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығының көлемі – 3,1%, өнеркәсіп өндірісінің - 0,3% ұлғайды, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан17 Қараша , 09:37

2016 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 127,4 млрд теңгені құрады.

Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (62,4%) болып табылды, оның көлемі 79,5 млрд теңгені құрады. 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 39,4%, өнеркәсіп – 21,5%, көлік және қоймалау – 19,2%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 8,4% негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады. 

2016 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 374 млрд теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 75,3 мың тонна өткізілді, сиыр сүті 476,5 мың тонна сауылды, тауық жұмыртқасы 493,5 млн дана алынды.

2016 жылғы қаңтар-қазанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 148,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

 




Яндекс.Метрика