Басқару

«Атамекен» ҰКП бизнес үшін ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеуде

«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа Салық кодексінің жобасын дайындау және кең талқылау жұмысын бастамақ. Бұл жөнінде ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.
Нұр-Сұлтан16 Қараша , 15:47

ҚҚС бойынша деңгейдің алдағы төмендеуі күрделі қоғамдық резонанс туғызғаны белгілі. Қазақстандық экономистер тобы шағын және орта бизнеске салық жүктемесінің одан әрі өсуі тәуекелдерін атап өтті. Жекелеген мәселелер еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеменің күтілетін өсуімен, салық заңнамасының тұрақты күрделенуімен және бизнес шығындарының өсуімен байланысты.

«Атамекен» ҰКП осы мәлімдемені қолдап және мәселенің кәсіпкерлік үшін маңыздылығын ескере отырып, жаңа Салық кодексін әзірлеу туралы сөз бастады.

Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаты шағын және орта бизнеске түсетін салық жүктемесін төмендету және салықтық әкімшілендіруді оңайлату болады. Бұл іскерлік белсенділікті және бизнестің «көлеңкеден» шығуын ынталандыруға мүмкіндік береді.  

2001 жылы салық заңнамасын кодтандыру кезінен бастап ҚР Салық кодексінің көлемі 3 есе өскен. Сондықтан жаңа Салық кодексін барынша қарапайым және түсінікті етіп әзірлеу ұсынылады. А. Мырзахметовтың айтуы бойынша, ол үшін Ұлттық палата жанында ашық құрамды Сарапшы топ құрылады. Ораз Жандосов, Рахым Ошақбаев, Мұхтар Тайжан, Мұрат Темірханов, Меруерт Махмұтова, Мағбат Спанов, Жарас Ахметов, Ғалым Құсайынов, Расул Рысмамбетов, Ануар Үшбаев, Дәрмен Сәдуақасов және басқа сарапшылар өздерінің Сарапшы топқа қатысатынын растады. Сондай-ақ, оның жұмысына Ұлттық палата сарапшылары мен ҰКП-да аккредиттелген бизнес қауымдастықтарының өкілдері де қатысады.




Яндекс.Метрика