Қазақстанның Тәуелсіздігі

Италияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Қазақстанның Италиядағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының өнерпаздық коллективі мен әртістерінің Италия қалаларына гастрольдері ұйымдастырылды.
Әлемде16 Қараша , 20:43

Қазақстан өнер шеберлерінің Италиядағы концерттері ү.ж. 12 қарашада Милан қаласындағы Пиккало театро және 14 қарашада Рим қаласындағы Академия Санта Чечилия атақты концерт залдарында өтті. Әртістердің өнер көрсету бағдарламасы қазақ дәстүрлі музыкалық мәдениетінің байлығы мен алуандығын жарқын көрсетті. «Ұлы Дала сазы» бастамасы түрік әлемінің ерекшелігін білдіретін күй қалыптастырды. «Қазақконцерт» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы қазақ халқы музыкасы мен «Арлан» ұлттық костюм театрының әртіс-батырлары көрермендерге қазақ халқының ежелгі тарихына көз салуға ерекше әсер туғызды.

Көрермендер қатарына үкімет мүшелері, депутаттар, Милан және Рим қалалары әкімшілігінің өкілдері, университеттердің профессорлық-оқытушы құрамы, студенттер және оқушылар, Италиядағы қазақ диаспорасы, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялар және БАҚ өкілдері кірді.

Концерттік бағдарламада ұлттық ән айту өнерінің жарқын өкілі Ерлан Рысқали, «Шолпан» би ансамблі, әнші Әсел Қарсыбаева және тағы басқалар қатысты. Итальяндық қауым сонымен бірге қазақ халқының саз аспаптары  домбыра, қыл-қобыз, жетіген және саз сырнаймен танысып, атақты орындаушы Аян Омаров, Анар Мұздыханова, Айгерім Қожабаева және Мира Тастенованың орындауындағы күй-сазбен тамсанды.

Академиялық бағыттағы атақты әншілер Айгерім Алтынбек және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтұрғызов қазақ композиторларының туындысымен қатар итальян ән өнерінің үздік туындыларын орындады. 




Яндекс.Метрика