Ұлттың денсаулығы

Қазақстандықтар қандағы глюкоза деңгейін тексеру бойынша зертханалық диагностикадан тегін өте алады

Қазақстанның барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде. Іс-шараның мақсаты – осы ауру және оны алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Казахстан16 Қараша , 14:56

ҚР ДСӘДМ хабарлағандай,  медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАҚ) ұйымдарында  эндокринолог, терапевт, педиатр, офтальмолог және басқа мамандарды тартумен ашық есік күндері өтеді.

Ниет білдірушілер қандағы глюкоза деңгейін, қант диабетіне шалдыққан пациенттердің гликирленген гемоглобиның, бойын және дене салмағын, артериалды қан қысымы деңгейін анықтау үшін зертханалық диагностикадан өте алады.

Диабет мектептерінде дұрыс тамақтану, қантты төмендететін дәрілік заттарды қолдану, липидтік алмасуды және артериалды қан қысымын нормаға келтіру бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерінің (тамақтану, қимыл белсенділігі, күйзелісті басқару, зиян әдеттер) жағымсыз әсерін төмендету үшін пациенттерге дағдылар қалыптастыру бойынша сабақтар өтеді.

Одан басқа, әрбір ниет білдіруші «Диабетті жеңіндер» атты ақпараттық акцияға қатыса алады. Оның мақсаты – қант диабетімен күресу үшін қоғамның күшін біріктіру. Акцияға қатысу талаптары бойынша «Супер форма сақтаңдар!» тақырыбында, мысалы: спортпен шұғылдаңындар, зиян әдеттерден аулақ болыңдар, профилактикалық тексеруден өтіңдер, өмірді жақсы көріңдер және т.б. қысқа үндеу хаттарды параққа жазып, фейсбуктегі өз бетінде немесе «Диабетті жеңіндер» бетінде ‎diabetes# хэштэгін қосып, фото орналастыру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні Халықаралық диабет федерациясының және  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамашылығымен 1991 жылдан бері атап өтіліп келеді.

 




Яндекс.Метрика