Парламент

Мәжіліс заңнамаға мемлекеттік қызметшілерге арналған конкурс мерзімін қысқарту бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан16 Қараша , 11:23

Заң жобасының негізгі мақсаты құқықтық кемшіліктерді жою, конкурстық рәсімдерді оңтайландыру және жылдамдату, сондай-ақ құқық қорғау қызметі стандарттарын мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындату арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров айтып өткендей, заң жобасы қоғаммен кеңінен талқыланды.

«Заң жобасымен мемлекеттік қызметке түсу тәртібі жетілдірілуде. Мемлекеттік қызмет кадрларын жиынтықтау тәртібі қайта қаралуда. Қазіргі уақытта бос қызмет орындарын толтыру үшін конкурстың бір кезеңінен үш кезеңіне дейін өткізіледі. Практикада бос қызмет орындарын алмастыру процесі 16-дан 52 жұмыс күніне дейін алады, бұл әсіресе ауылдық және аудандық деңгейлерде кадрлар тапшылығына әкеледі. Мұнда, екі ішкі конкурстың қорытындылары бойынша бос қызмет орындарының жартысынан астамы бос қалып отыр, екінші ішкі және жалпы конкурсты біріктіру бос қызмет орындарын жедел толтыруға мүмкіндік береді», - деді Қ. Қожамжаров.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика