Қазақстанның Тәуелсіздігі

«Қазақстан – Ұлы Дала елі» көрмесі Брюссельде таныстырылды

Брюссельде ҚР-ның Бельгия Корольдігіндегі елшісі Алмаз Хамзаев Брюссель баспасөз клубындағы брифингте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сөз сөйледі, деп хабарлады СІМ.
Әлемде 16 Қараша, 13:48

Шараға  Еуропалық одақ, Бельгияның  мемлекеттік органдары, жетекші  ғылыми-сараптамалық  орталықтар,  еуропалық және  бельгиялық БАҚ қатысты.Өз сөзінде  А.Хамзаев  айтып өткендей,  биыл  біздің мемлекет  Тәуелсіздіктің  25 жылдығын атап өтеді.

 «Осы уақыт ішінде Қазақстан  әлеуметтік-экономикалық даму, сыртқы саясат пен әлемдік аренадағы  беделді ойыншылардың біріне айналды», - деді ол.

Шараға қатысушыларға 30  дамыған елдің  қатарына қосылуды көздеген   «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламалары түсіндірілді.

«Қазақстан үшін 2017 жылы маңызды мерзім болады, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес өкілдігі  қызметіне кіріседі. Сондай-ақ, астанада ЭКСПО-2017 көрмесі басталады», - деді А.Хамзаев. 





Яндекс.Метрика