Парламент

Қ. Қожамжаров: Мемлекеттік қызметте конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе азайды (ФОТО)

Мемлекеттік қызметте конкурстан тыс тағайындаулар азайды, деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында.
Нұр-Сұлтан 16 Қараша, 10:54

«Бүгін конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе азайды, бірінші басшылардың сапасын бағалау үшін белгіленген пайыз бар. Жоғары деңгей бұзушылықтары азайды және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қалай өзгергенін көріп отырмыз. Олардың себептері ретінде өз еркімен жұмыстан кету, басқа жұмысқа ауысу және басқалары көрсетілген, бірақ біз оның себептері анағұрлым терең екенін түсінеміз», - деді Қ. Қожамжаров.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы заңнамаға сәйкес ведомство өтініштер түскен жағдайда ғана араласуға құқылы екенін атап өтті.

«Алайда, ағымдағы жылы мұндай жағдай орын алған жоқ, сондықтан бірінші басшылардың қызметін бағалау туралы келісімдерге кадрлардың ауысымдылығы сияқты индикаторды қосу қажет деп ойлаймыз. Бізде әкімшілік заңнаманы қолдану, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер бар. Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын боламыз»,  - деп қосты Қ. Қожамжаров.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика