Халықаралық интеграция

ҚР мен АҚШ есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы саласында ынтымақтасады

Вашингтон қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Америка Құрама Штаттарының Есірткіге қарсы федеральдық басқармасы арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастық туралы келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.
Әлемде 16 Қараша, 12:21

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлағандай,  аталған жоба заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жасасу мәселелері, есірткінің заңсыз жылжуы арналарын жабуда бірлескен іс-шаралар, оның ішінде «бақылаудағы тасымалды» өткізу, қаржы кірістерін заңдастыруға қарсы күрес, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, есірткіге қарсы күрес саласында қызметкерлерді оқыту, даярлау және қайта даярлау бойынша ақпаратпен алмасуды жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан осы Келісімге ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Құсетов Сұлтан Тұрлыұлы қол қойды.

Аталған іс-шараға ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі, сондай-ақ АҚШ-тың DEA өкілдері қатысты.

 





Яндекс.Метрика