Халықаралық интеграция

Қазақстан 25 жылда ұлтаралық келісімнің жаңа дәуірін құрды – Грекия

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков елшілік ғимаратында «Қазақстан-Грекия» парламенттік достық тобының басшысы Леонидас Григоракоспен кездесті.
Әлемде16 Қараша , 15:13

СІМ хабарлағандай,  кездесу барысында сұхбаттасушылар түрлі екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, парламентаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстар бойынша, сонымен қатар Грекия Республикасының қазіргі ахуалы мен жалпы өңірлік мәселелерімен ой бөлісті. Парламентші Қазақстан тәуелсіз 25 жылдың ішінде жалпы жаһандық ұлтаралық және дінаралық келісім процесінің «жаңа дәуірін» бастағанын алға тартты.

Сұхбат барысында тараптар заңшығарушы органдар арасында тығыз ынтымақтастық орнату қажеттілігіне, бұған қоса түрлі деңгейлі сапарлар өткізу, бірлескен іс-шараларға қатысу және парламентаралық байланыстарды нығайтуды көздейтін өзекті мәселелерде ашық диалог құруға ықтиярлықтарын жасырмады.

Грек депутаты Қазақстанды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген идеяларына сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде жемісті тәжірибе жинаған ел деп атады. Л. Грикоракос 2017 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатымен Астанаға грекиялық парламенттік достық тобы депутат-мүшелерінің сапарын ұйымдастыруға зор қызығушылық танытты.

Грекия Парламенті тарапымен «Қазақстан – ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімін» ратификациялау барысы кездесудің маңызды тақырыбына айналды. Елші аталған ауқымды құжаттың бекітілуі Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағына мүше Грек Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жаңа сапалы даму деңгейіне жол ашатынына назар аударды.

Л. Григоракис, өз кезегінде, Қазақстан-Еуропа және қазақстандық-грекиялық әріптестігінің стратегиялық маңыздылығын ескере отыра, келісімнің шұғыл бекітілу қажеттігімен келісті.

 




Яндекс.Метрика