Өңірлер

Павлодар қаласында аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды

Павлодар қаласында аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. Орталық бұрын облыстық ішкі істер департаментінің балансында болған екі ғимараттың негізінде құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар16 Қараша , 14:32

Әкімдіктің қолдауымен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ғимараттарға 37,5 миллион теңге сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ғимаратта аутист балалардың ата-аналарының Ассоциациясы мен «Алтын Бата» қоры жұмыс істейтін болады.    

«Орталықта балалар бір-бірімен ойнайды, сонымен қатар, оларды тұрмысқа қажетті түрлі істерді атқаруға үйретеміз. Олардың ата-аналарына балалардың жан-дүниесін түсініп, дертпен бірігіп күресуге көмектесеміз»- дейді павлодарлық аутист балалардың ата-аналарының Ассоциациясының құрылтайшы-директоры Дамира Абдрахманова.

Ерекше балалардың орталығының ашылуына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та қатысты. Әкіммен бірге шараға келген «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері мен қытайлық NFC компаниясының қызметкерлері орталыққа 5 миллион теңгенің сертификатын сыйлады.

 




Яндекс.Метрика