Инвестициялар

Ақмола облысында құны 1,3 млрд доллар металлургиялық кешен салынады

Ақмола облысында құны 1,3 млрд доллар темір кенін өндіру және өңдеу жөніндегі қуатты инвестжоба іске асырылады, деп хабарлады Жарқайың ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Ақмола16 Қараша , 12:43

Ол Жарқайың ауданында ҚХР-дан инвесторлардың қатысуымен қуатты жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. Массал кен орны кеңес үкіметі уақытында анықталған. Жоғары маркалы болат өндіру жөніндегі металлургиялық кешен құрылысы туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық қағидаттары, қаржыландыруды тарту туралы келісімдер жасалды. Сондай-ақ жерге орналастыру жобасы да келісілді. Ағымдағы кезеңде байыту және металдандыруға технологиялық зерттеу жүргізілуде. Жобаның құны 1,3 млрд долларға жуық.

«Жоба титан-магний кен орны базасында қуаттылығы 1 млн тонна болат және дайындамаларды құрайтын металлургиялық кешен құрылысын білдіреді. Жобаны іске асыру шеңберінде 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деп атап өтті спикер.

Одан басқа, әкімнің айтуы бойынша, Жарқайың ауданында ТКШ жаңарту жүргізілуде. Мысалы, Державинск қаласында 12 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған, сондай-ақ 46 тұрғын үйді жылу көзіне кезең-кезеңмен қосу жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика