Өңірлер

ОҚО-ның Отырар ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд теңгеге өсті

ОҚО-ның Отырар ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд 179 млн теңгеге өскен.
Нұр-Сұлтан16 Қараша , 10:34

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  10 айда  өнеркәсіп кәсіпорындарымен 11 млрд 522 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, осы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3 млрд 179 млн теңгеге өскен.  Ал игерілген суармалы жердің көлемі 24 мың 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 700 гектарға артқан. Бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды.

Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі аудандағы жеткен жетістіктерді ғана емес ондағы проблемаларды да көтеріп,оны шешу жөнінде ұсыныстарды да қоса ұсыну қажеттігін ескертті. Мәселен, ауданда 17 мың га жер игерілмеген. Елді мекендерді газдандыру және суармалы жерлердің көлемі төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарындағы қылмыс 90 пайызға өскеніне тоқталған аймақ басшысы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеуді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика