Халықаралық интеграция

Әлемдік сарапшылар Астана клубын келіссөздердің тиімді тұғырнамасы деп атады

Қазақстан астанасында Еуразиялық өңірдің дамуының негізгі мәселелерін талқылауға арналған Астана клубының халықаралық отырысы өтуде. Іс-шараға АҚШ, Ресей, Еуропалық Одақ, Қытай, Түркия, Иран және басқаларын қоса алғанда, әлемнің әр түрлі елдерінен экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы 50-ден астам жетекші әлемдік сарапшы қатысуда.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 18:42

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев клубтың екінші отырысының ашылуы барысында мұнай бағасының күрт төмендеуі, әлемдік сауданың өсу қарқындарының төмендеуі – осының барлығы қазіргі жаһандық экономиканың тәуекелдері болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша, дәл қазір барлығы үшін пайдалы үлкен Еуразияның бірыңғай экономикалық кеңістігін құру бағдарын бірлесіп анықтау маңызды.

Жетекші сарапшылардың өздерінің пікірі бойынша, талқылаулардың ең басты проблемасы жаһандық сын-тегеуріндердің Еуразиялық материкке әсер етуі мәселелерінде, геоэкономикалық бастамаларда және барлық континенттің қауіпсіздігінде.

Еске сала кетейік, Астана клубы – 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры халықаралық ғылыми орталықтармен әріптестік жасай отырып құрған халықаралық пікірталас алаңы. Бірінші отырысы қарашада әлемнің 15 елінен 47 сарапшының қатысуымен өткен болатын.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика