Басқару

Қ. Қарақұлов «Астана» ҚР әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды

Қайдар Қарақұлов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 18:23

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне, Қайдар Самиғұлұлы Қарақұлов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Осы ретте Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.




Яндекс.Метрика