Евразиялық одақ

Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің арасындағы тауар айналым 9 млрд долларды құрады

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы өзара тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9 260,3 млн долларды құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.
Нұр-Сұлтан16 Қараша , 09:57

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы өзара тауар айналымы  2016 жылдың  қаңтар-қыркүйек айларында  9 260,3 млн долларды құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда  26,4 пайызға көп.  Экспорт көрсеткіші 2749, 8 млн долларды құраса,  импорт 6510,5 млн долларды құрады.

ҚР экспорт құрылымында  минералды өнім, метал мен бұйымдар,  өнеркәсіптік химия өнімдері  мен дайын өндірістік тауарлар бар.

ЕАЭО елдерінен  көлік пен  қондырғы,  химия өнімдері, минералды заттар мен дайын  өндірістік тауарлар, метал мен метал өнімдері  жеткізіледі.

 

 

 




Яндекс.Метрика