Басқару

Президенттің суреті бар банкнотта 10-ға жуық қорғау элементі бар

Қазақстан Президентінің суреті бар ақша ағымдағы жылғы бірінші желтоқсанда 100 мыңды құрайтын шектеулі тиражбен шығады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 18:19

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған банкнот бірегей болып табылады. Ақша белгілерінде қорғау белгілері болатыны белгілі, осы банкнотта қорғау элементтерінің әзірлемелері, жаңа технологиялар қамтылған. Банкноттың басты орталық элементі Intaglio әдісімен классикалық стильде орындалған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті болып табылады. Банкнот ағымдағы жылғы бірінші желтоқсанда 100 мыңды құрайтын шектеулі тиражбен шығады», - деп хабарлады Т. Әбішева.

Сарапшы банкнот 10-ға жуық қорғау элементін қамтитынын атап өтті.

«Бұл қолданыстағы төлем құралы, себебі эмитенті Ұлттық банк болып табылады. Әрине, сауда операциялары кезінде онымен есеп айырысуға да болады», - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика