Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Биыл Маңғыстау облысында 185 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Маңғыстау облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінді.
Маңғыстау15 Қараша , 17:23

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 185 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 57 – білім беру, 16 – мәдениет, 4 – денсаулық сақтау, 22 – транспорттық инфрақұрылым, 1 – әлеуметтік қорғау, 3 – спорт, 19 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 63 – абаттандыру  нысаны болып табылады.

Бүгінгі күні 184 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 946 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 686 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 

 




Яндекс.Метрика