Халықаралық интеграция

Сербия делегациясының Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды қолдауды білдіреді – Нығматулин

Сербияның Қазақстанға сапары соңғы жылдары қол жеткізілген екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін қолдауды білдіреді, деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияның Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан 15 Қараша, 15:21

«Біздің бүгінгі кездесуіміз біздің мемлекет басшыларымыздың қазақстандық-сербиялық қатынастарға қосымша серпін берген өзара сапарлары барысындағы келісулерінің іс жүзінде іске асырылуы болып табылады», - деді Н. Нығматулин.

Сондай-ақ Н. Нығматулин халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерінің шешімін іздеу үшін халықаралық парламенттік ұйымдар аясында күш үйлестіруге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, Сербияның Премьер-Министрі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір айтты.  

Н. Нығматулин Премьер-министр А. Вучичке кездесу үшін алғыс білдіріп, екі тараптың да ниеттерінің жүзеге асырылуына сенім білдірді. 





Яндекс.Метрика