Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев сербтерді жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды

Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық-сербиялық бизнес-форумда сөз сөйлей отырып, Сербияның бизнес өкілдерін жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 14:06

«Елімізде бірінші бесжылдық аясында 700-ден астам кәсіпорын, жаңа зауыт, фабрикалар салынды. Бізде жекешелендірудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазір негізінен шағын активтер сатылымға қойылған. Сондай-ақ, сіз біздің елімізде болып жатқан жекешелендіруге де қатыса аласыз. Біз сіздерді өзара пайдалы ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.

Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі аясында еуропалық стандарттар бойынша әрбір 50-100 шм сайын көптеген сервис пункттерін салу жоспарланып отырғанын қосты.

Премьер-Министр сербиялық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуға белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ол осы көрменің өтуі кезінде Сербия белсенді қатысатынын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев көрме аяқталғаннан кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтіні туралы хабарлады. Бүгін Қазақстан Гонконгтың, Шанхайдың, Лондонның қор биржаларымен белсенді жұмыс жасайды. Б. Сағынтаев сербиялық тараптың осы қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Қазақстанда өте көп жеңілдіктер мен артықшылықтар бар. Соның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерін, жер салығы бойынша 10 жылға, мүліктік салық бойынша 8 жылға кейінге қалдыру бойынша жеңілдіктер бар. Бақытжан Сағынтаев сербтерді ықтимал жеңілдіктерді белсенді пайдалануға шақырды. 




Яндекс.Метрика