Адами капитал

Ш.Пулатов: ҚХА-ның бастамасымен Мемлекет басшысының суреті бейнеленген банкнот айналымға шықты

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Мемлекет басшысының суреті бейнеленген банкнот айналымға шықты, деді ҚХА мүшесі Шерзод Пулатов.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 12:51

«ҚХА кеңесінде,  Ассамблея сессияларында  Мемлекет басшысының суреті бейнеленген  банкнотты айналымға шығару ұсынылды, ол өзге елдерде сияқты жоғары құрметтің бейнесі. Көптеген елдердің көшбасшылары валюталарында көрініс тапты. Елбасымыз  ел үшін ерен еңбек етіп, барлығымызды біртұтас қылды. Бұл үлкен құрметті қажет етеді», - деді  Ш.Пулатов.

ҚХА мүшесі айтып өткендей, қазақстандықтар  өз Көшбасшысын құрметтейді. Сондықтан,  10 мың теңгелік банкнотқа Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай Президенттің бейнесі бейнеленді.

«Көшбасшымыздың суреті  банкнотта жарияланады. Барлық мерейтойлық монеталар мен банкноттар белгілі мөлшерде ғана шығарылады.  Егер менің қолыма сондай ақша түссе Тәуелсіздіктің  25 жылдығынан естелік болады», - деді Ш.Пулатов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика